Даршын және зефир қосылған асқабақ ыстық шоколады

    Қарашаның қарлы кешінде нені қалайсыз? Әрине, жылулық пен жайлылық! Жұмсақ музыка, жылы көрпе және дәмді, жылы сусын оларды жасауға көмектеседі. Мысалы, біз сіздермен бөліскіміз келетін асқабақ ыстық шоколады.

    Құрамы: 
    250 мл өсімдік тектес сүт, 
    15 г какао массасы, 
    2 ас қасық асқабақ пюресі, 
    1 шай қасық қант қамысы,
    бір шымшым даршын, 
    зефир дәмі мен қалауы бойынша.

    Дайындау тәсілі: 
    Какао массасын пышақпен ұсақтап тураңыз. Сүтті қайнатпас бұрын қыздырыңыз. Какао, даршын және қантты қосыңыз. Какао сүтте толығымен ерігенше, баяу отта үздіксіз араластыра отырып қыздырыңыз. Асқабақ пюресін қосып, араластырыңыз. Сусынды кружкаға құйып, үстіне зефир себіңіз де, дәмін татыңыз!

    CacaoTree.ru

     


    0